Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда бизнеске арналған кредиттерге кепілдік беретін 2 қор құрылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында мәлімдеді.
Жұманғариннің айтуынша, бизнестің несиелеріне кепілдік беру тетігі басқа елдерде өз тиімділігін дәлелдеді. Сондықтан 2 кепілдік беру қорын құруға шешім қабылданды. Соның біреуі шағын және орта бизнеске қызмет көрсетеді.
«Шағын және орта бизнес үшін кредиттерге кепілдік беру және пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау көлемі ұлғаяды. Биылдың өзінде 1,7 трлн теңгеге 30 мыңға жуық шағын және орта бизнес жобасына қолдау көрсетіледі», — деді Жұманғарин.
Ал екінші қор ірі бизнестің кредиттеріне кепілдік беру үшін құрылады. Ол ірі және стратегиялық маңыз бар жобаларды кепілмен жеткілікті түрде қамтамасыз ету мәселесін шешеді.