Бірнеше сағат бұрын қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (АТР дәрежесі 74) бірінші айналымда француз Жереми Шардиді (АТР дәрежесі 49) жеңді. Матч нәтижесі — 6:2,6:4.
Келесі айналымда Михаил Кукушкин румыниялық Виктор Ханескумен (АТР дәрежесі 51) немесе чехиялық Радек Штепанекпен (АТР дәрежесі 37) ойнайды.
Бүгін осы турнирде басқа қазақстандық теннисші Андрей Голубев (АТР дәрежесі 34) кортта аргентиналық теннисші Максимо Гонсалеспен (АТР дәрежесі 152) кездеседі.