Кремль кубогында қос Михаил: Кукушкин мен Южный күш сынасады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кремль кубогында қос Михаил: Кукушкин мен Южный күш сынасады

Кремль кубогында қос Михаил: Кукушкин мен Южный күш сынасады

Бүгін Кремль кубогы үшін теннистен ерлер мен әйелдер арасындағы халықаралық турнирдің барлық ширек финалдарының матчы ойналады.

  • 17 Қазан 2014
  • 341
Фото - Caravan.kz

Соның бірі қазақстандық және ресейлік жанкүйерлердің ерекше назарын аударып отыр. Ол — Қазақстан атынан сынға түсетін Михаил Кукушкин мен ресейлік Михаил Южныйдың өзара кездесуі. Қос Михаил бір-бірін жақсы біледі, бұған дейін бірнеше мәрте щеберлік байқасқан. Әрине, осы турнирдің жетінші ракеткасы М.Южныйға жергілікті жанкүйерлердің көбірек бүйрегі бұратыны анық. Оның үстіне ол ерлер сайысында Ресейдің қалған жалғыз үміті болып отыр.

Дегенмен, Қазақстан намысын қорғайтын М.Кукушкин де барын салатыны анық. Ойынның аса қиын болатынын теледидардан берген сұхбатында М.Южныйдың өзі де мәлімдеді.

М.Кукушкин жуырда Шанхайдағы турнирде жақсы өнер көрсетті. Онда қазақстандық теннисшіні әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович қана тоқтата алды, соның өзінде бір партияны М.Кукушкин ұтты. Қазақстандық спортшы сол қарқынын әлі жоғалтқан жоқ. Өткен жылы Кремль кубогында финалға дейін барған ол биыл да сондай табыстан дәмелі. Ерлер бәсекесінде биыл өткен жылғы жеңімпаз, франциялық Ришар Гаске жоқ. Есесіне ойламаған жерден биыл АҚШ-тың ашық чемпионатын ұтып алған хорватиялық Марин Чилич бар. Қос Михаилдың қай жеңгені сол сайыпқыранмен кездесуі бек мүмкін.

Әйелдер арасындағы жарыс та тартысты өтуде. Мұнда ресейлік Виталия Дьяченко сенсация жасап, турнирдің бірінші ракеткасы, словакиялық Доминика Цибулкованы ұтып кетті. Айта кетейік, ширек финалға үш бірдей ресейлік теннисші шықты. В.Дьяченко мен Анастасия Павлюченкова жартылай финал жолдамасын өзара сарапқа салса, Светлана Кузнецова чехиялық Люси Шафаржовамен кортқа шығады.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера