Кристин Лагард Халықаралық валюта қорына басшы болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кристин Лагард Халықаралық валюта қорына басшы болып тағайындалды

Кристин Лагард Халықаралық валюта қорына басшы болып тағайындалды

Францияның Экономика және қаржы министрі Кристин Лагард Халықаралық валюта қорына басшы болып тағайындалды, деп қордың басқарушы кеңесі мәлімдеді.

  • 29 Маусым 2011
  • 493
Фото - Caravan.kz

К.Лагардтың кандидатурасы бірауыздан мақұлданды.

К.Лагард бұл қызметке Франция өкілі Доминик Стросс-Канның орнына келді. Д.Стросс-Кан мамыр айында жыныстық қатынасқа байланысты төңірегінде туындаған дау-дамайдан кейін қызметтен кеткен болатын.
К.Лагард Халықаралық валюта қорының басшысы қызметіне келген тұңғыш әйел.
Оның жалғыз бәсекелесі Мексика Орталық банкінің басшысы Агустин Карстенс болған еді.
55 жастағы К.Лагард Францияда туып, өскен. Париж X — Нантер университетінде және Саяси ғылымдар институтында жоғары білім алған. Содан кейін АҚШ-та, оның ішінде Конгресте тағлымдамадан өтті.
1981 жылдан бастап Чикагода Американың Baker & McKenzie заң фирмасында жұмыс істеді. 1955 жылы ол Baker & McKenzie атқару комитетінің мүшесі болды, содан кейін 1999 жылы оған басшы болды.
Збигнев Бжезинскимен бірге Халықаралық және стратегиялық зерттеулер орталығында (Center for International & Strategic Studies) жұмыс істеді. 2005 жылдан бастап Франция Сыртқы істер министрі, 2007 жылдан бастап Экономика және қаржы министрі болып қызмет атқарды.
Ажырасқан, екі ұлы бар. Жас күнінде К.Лагард Францияның ситнхронды жүзу бойынша құрама командасының құрамында болған.

Соңғы жаңалықтар