Жарияланды: 650

КРО 2010 жылдағы орнықты дамуы бойынша есебін жариялады

«Karachaganak Petroleum Operating BV» (КРО) компаниясы 2010 жылдағы орнықты дамуы бойынша есебін жариялады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Есепте КРО-ның 2010 жылдағы қызметінің нәтижесі баяндалып, компанияның орнықты даму бойынша міндеттемелерін орындауға қол жеткізу туралы нық ниеті көрініс тапқан», - делінген жарияланған құжатта. КРО мәліметтеріне сәйкес, Қарашығанақ кен орнында газды жою 99,87%-ға жетті. «2010 жылы газды жою көрсеткіші 99,87% құрады. Бұл өндірілген газдың жалпы көлемінің, яғни 15 трлн текше метрдің небәрі 0,02 трлн текше метрі ғана (0,13%) өндірістік және қайта өңдеу қондырғыларының алауларына жіберілгенін немесе ұңғымаларды тазарту барысында өртелгенін білдіреді. Газды жою бойынша қол жеткізілген көрсеткіш бүкіл әлем бойынша мұнай-газ саласында теңдессіз болып табылады», - делінген есепте. Компанияның бас директоры Джузеппе Пазидің айтуынша, «КРО жобаға қатысушы компаниялар үшін де, Қазақстан Республикасы үшін де тұрақты табыс қамтамасыз етуді өзіне міндет ретінде қойып отыр. Мұндағы басты құрамдас аймақтың орнықты дамуы үшін, соның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласында, экономикалық және әлеуметтік дамуына жағдай жасау болып табылады». Есепте атап көрсетілгендей, 2010 жылдың 29 желтоқсанында компания атмосфераға тастауға 3 жылдық рұқсат алды. Сондай-ақ, КРО ИSО 14001стандартына сәйкестікке өз сертификациясын қуаттады. Компанияның мәліметтеріне сәйкес, өткен жылы КРО 5 жаңа ұңғыма бұрғылап, қолданыстағы 14 ұңғыманы жөндеуден өткізген. Өткен жылы газды кешенді дайындау қондырғысы-2 (ГКДҚ-2) учаскелерінде материалдарды алмастыру жобасы аяқталып, газ айдағыш компрессорлар пайдалануға берілді. Қарашығанақ қайта өңдеу кешенінде (ҚӨК) 4-ші технологиялық тұрақтандыру желісі құрылысының жақсы қарқынмен жүргізілуінің арқасында 2011 жылдың мамырында желі іске қосылды. Бұдан басқа, Қарашығанақ-Орал газ құбырының қалған учаскелерінің құрылысы аяқталып, 2011 жылы жергілікті билік органдарына берілді, делінген құжатта. «2010 жылдың соңында КРО-дағы барлық білікті және кеңседегі әкімшілік қызметтерге, сондай-ақ, техникалық персонал мен супервайзерлердің 91%, басқарушы қызметтердің 62% қазақстандық персонал алынды. КРО 283 қазақстандық компаниямен 527 млн доллардан асатын сомаға тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жеткізуге келісімшарттарға қол қойды», - делінген есепте. Жергілікті әлекметтік инфрақұрылымды дамыту саласындағы жетістіктерін мойындау белгісі ретінде компания әлеуметтік жауапты бизнестің «Парыз» ұлттық конкурсының алтын наградасын алды, деп еске салады компанияның баспасөз қызметі. Бұрын хабарланғандай, 2010 жылы KPO конденсат түрінде 133,7 млн баррель мұнай эквивалентін өндірді. 6,437 млн т. фут тазартылмаған кептірілген газ қайтадан қабатқа айдалды, бұл көлем өндірілген газдың жалпы көлемінің шамамен 43% құрайды. Karachaganak Petroleum Operating B.V. әлемдегі ірі мұнай-газ конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын игеріп жатыр. Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан Қарашығанақ кен орнының аумағы 280 ш. метр, оның қоры 1,2 млрд тонна мұнай және конденсат, 1,35 трлн текше метр газды құрайды. 1997 жылы 40 жыл мерзімге қол қойылған ӨБК-ге сәйкес, BG Group (32,5%), Eni (32,5%), Chevron (20%) және «Лукойл» «15%» компанияларының бірлескен кәсіпорны болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін