Бұл туралы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрынан хабарлады.
Р.Жаманова 1928 жылы 16-сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ол өнер жолын 1953 жылы Абай атындағы опера және балет театрынан бастады. Әр жылдары Құрманғазы атындағы консерваторияда, еліміздегі музыкалық оқу орындарында шәкірттерге тәлім берді.
Р.Жаманова Дж.Вердидің «Аида», «Бал-маскарад», «Травиата», «Дон Карлос», «Трубадур», Дж:пуччинидің «Тоска», «Богема», «Чио-чио-сан», Ш.Гуноның «Фауст», Ж.Массненің «Манон», Л.Делибтің «Лакме», Р.Леонкаваллоның «Паяцы», П.Чайковскийдің «Иоланта», «Евгений Онегин», Э.Направниктің «Дубровский» спектакльдерінде басты рөлдерді сомдады.