Айта кету керек, бұл Артур Платоновтың «Алтын адам» статуэткасын осымен 12-ші мәрте алуы. Бұдан өзге «Жыл таңдауы» номинациясына лайықты деп спорт, медиа, медицина, бизнес, өндіріс, өнер салалары бойынша 10 шақты тұлға мен 60-қа жуық компания «үздік» деп танылып отыр.
Артур Платонов, «КТК» АҚ меншікті таратылым дирекциясының директоры:
— Бұндай сыйдың маңызы, бағасы мен үшін өте зор. Себебі бұл — жыл таңдауы, бұл — халық таңдауы. Біздің бүгінгі жетістігіміз көрермендер арқасында. КТК тек сіздер үшін қызмет етеді. Көпшіліктің бізге деген сенімі — үлкен мәртебе.