КТК арнасында «Алматым-іңкәрім менің» фестивалінің телевизиялық нұсқасы көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК арнасында «Алматым-іңкәрім менің» фестивалінің телевизиялық нұсқасы көрсетіледі

КТК арнасында «Алматым-іңкәрім менің» фестивалінің телевизиялық нұсқасы көрсетіледі

КТК көрермендеріне жағымды жаңалық! Бүгін арнамызда дәстүрлі кештердің біріне айналған «Алматым- іңкәрім менің» фестивалінің телевизиялық нұсқасы көрсетіледі. Айта кету керек, әдеттегідей ретро әуендер шырқалатын салтанатты шара биыл да аты әйгілі шетелдік әншілерсіз өтпеді

  • 10 Қараша 2012
  • 443
Фото - Caravan.kz

«Іt’s my life». Осылайша, кезінде әлемді дүркіреткен Доктор Албан қазақстандық тыңдарманды тағы бір мәрте қуантты. Әрине, оған серіктес болып дуэт құрған қазақ Нұрлан Албанның көмегімен. Фестиваль көпшіліктің көңілінен шыққанын халықаралық шаңғы трамплиніне жиналған қауымның қошаметінен байқауға болады.

Шығармашылық топ, әр тыңдарманның ебін табуға тырысқаны айқын көрініп тұр. Жас буын өкілдерінен бастап, өнер ардагерлерінің бәрі осында. 100-ге жуық жезтаңдай әншімен қоса 300-ден аса биші өнерлерін ортаға салды. Тіпті, шенді-шекпенділерді де дәл осы сахна төрінен табуға болады.

Расында,Ғани Қасымовты талай жобалардан көріп, көзіміз үйренсе, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов фестивальге арнайы қатысады деп кім күткен? Қызықтың бәрі алда! Бүгін «Алматым-іңкәрім менің» фестивалін 22:30-да арнамыздан жіберіп алмаңыз! Ал 2-ші бөлімді ертең кешкі сағат 21:35 тамашалай аласыздар!


Соңғы жаңалықтар