КТК: «Астарлы ақиқат» пен «Мәссағанның» авторлары марапатталды! - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК: «Астарлы ақиқат» пен «Мәссағанның» авторлары марапатталды!

КТК: «Астарлы ақиқат» пен «Мәссағанның» авторлары марапатталды!

Бүгін Алматыда «Нұр Отан» партиясының өкілдері жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрген үздік авторларды марапаттады. Олардың арасында КТК телеарнасының екі бірдей бағдарламасы– «Астарлы ақиқат» пен «Мәссағанның» жүргізушілері бар.

  • 16 Маусым 2011
  • 2746
Фото - Caravan.kz

Бір қызығы, тәжірибелі журналистермен бірге 8 жасар Жамбыл Дүйсенов те диплом иесі атанды. Кішкентай ақын өзінің патриоттық өлеңдерімен жұртқа танылып үлгерген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай марапаттау шарасы осымен төртінші рет журналистер мерекесі қарсаңында өтіп отыр. Көрермен көзайымына айналған «Мәссаған» әзіл-шоу бағдарламасын ұйымдастырушылар биыл екніші рет арнайы дипломмен марапаттады. Ал Дина Төлепбергенова үшін бұл – партия тарапынан алғашқы марапат. Партия өкілдері ол жүргізетін «Астарлы ақиқат» бағдарламасын бәрінен жоғары бағалапты. Бұған дейін КТК телеарнасының Астанадағы тілшісі  болған Динаны көрермен «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасын  жүргізген кезде де жылы қабылдаған.  


Дина Төлепбергенова, «Астарлы ақиқат» бағдарламасының редактор-жүргізушісі
:

— «Нұр Отан» партиясының марапаты біздің бағдарламаны биліктегі азаматтардың көретіндігін дәлелдеп отыр. Бұл  болашақта біздің бағдарламадағы кейіпкерлердің проблемалары шешімін табады деген  үміт сыйлайды.  

Марат Оралғазин, Еркебұлан Мырзабек, «Мәссаған» бағдарламасының автор-жүргізушілері:

— Құрметті достар, құрметті біздің көрермендер, екінші рет бізді таңдағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және көп-көп рахмет дейміз! Болашақта бұнымен тоқтап қалмай, сіздерді тағы  тың  идеялармен қуантатынымызға сенімдіміз  және оған уәде береміз.