КТК аясын кеңейту 2005-2006-жылдарда жүзеге асырылуы мүмкін - РФ энергетика министрінің орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК аясын кеңейту 2005-2006-жылдарда жүзеге асырылуы мүмкін - РФ энергетика министрінің орынбасары

КТК аясын кеңейту 2005-2006-жылдарда жүзеге асырылуы мүмкін - РФ энергетика министрінің орынбасары

Каспий Құбыр консорциумының аясын кеңейту 2005-2006-жылдарда жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл туралы РФ энергетика министрінің орынбасары Олег Гордеев Мәскеуде журналистерге пікір білдірді,- деп хабарлайды Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігі.

  • 4 Желтоқсан 2003
  • 394
Фото - Caravan.kz

О.Гордеевтің айтуынша, «КТК аясын кеңейту мәселесі жобада алдын-ала қарастырылған. Әрі бұл Ресейдің мүддесіне сәйкесумен бірге жобаның экономикалық тиімділігін арттыра түспек». Соған қарамастан, О.Гордеевтің айтуынша, РФ энергетика министрлігі КТК-ны дамыту және оның іс-қызметін жүзеге асыруға қатысты шешімдер қабылдамайды. «Аталмыш мәселелер мен оны монополия санатына қосу немесе қоспау туралы мәселені үкімет пен Федералық энергетикалық комиссия шешеді»,- деді министрдің орынбасары.

«Жоба қабылданған кезде болашақта мұнай тасымалдау ауқымы жылына 60 мың тоннаға жетеді деп межеленген. Ал бұл деңгейге қашан қол жеткізетініміз Қазақстан мен Ресейдегі мұнай өндіру көлеміне байланысты. Жалпы жүйенің ауқымы сатылы түрде кеңейтілуі мүмкін»,- деді О.Гордеев.

Соңғы жаңалықтар