Caravan Logo

КТК: “Мәссаған” бағдарламасы арнайы дипломмен марапатталды!

КТК: “Мәссаған” бағдарламасы  арнайы дипломмен марапатталды!

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын насихаттап жүрген жекелеген авторлардың жұмысына оң баға беру және оларға қолдау көрсету. Бүгін жүлделі орын иеленгендерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар салтанатты түрде тапсырылды. Солардың бірі –  «КТК» арнасындағы “Мәссаған” ойын-сауықтық бағдарламасы. Көрермендердің  көзайымына айналған бағдарламаны жасаушылар биылғы жылы үшінші рет жүлделі болып отыр. “Мәссағанның” басқа ойын-сауықтық бағдарламалардан ерекшелігі –   әзіл-сықақ үлкен-кішіге түсінікті, ойнақы да,жеңіл тілмен ұсынылады.


Айжан Батырова, «Мәссаған» бағдарламасының продюсері
:

- Осы байқауға қатысып, жүлделі орынға ие болғанымызға өте қуаныштымыз. «КТК» арнасын қосып, “Мәссаған” бағдарламасын көріңіздер!