КТК мен "КалмТЭК мемлекеттік инвестициялық компаниясы" ЖАҚ тасымал жүйелерін өзара біріктіру жөніндегі келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК мен "КалмТЭК мемлекеттік инвестициялық компаниясы" ЖАҚ тасымал жүйелерін өзара біріктіру жөніндегі келісімге қол қойды

КТК мен "КалмТЭК мемлекеттік инвестициялық компаниясы" ЖАҚ тасымал жүйелерін өзара біріктіру жөніндегі келісімге қол қойды

8-шілдеде Каспий құбыр жүйесі Консорциумы мен "КалмТЭК мемлекеттік инвестициялық компаниясы" ЖАҚ тасымал жүйелерін өзара біріктіру жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне КТК баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Шiлде 2003
  • 703
Фото - Caravan.kz

Бұл құжат Ресейдің мұнай өндіруші компанияларына өз өнімін КТК жүйесі арқылы тасымалдау жөніндегі келісімдер жобасын жасап қол қоюға мүмкіндік береді.

КТК-ның бас директоры Иен МакДональд құжатқа қол қойылғаннан кейін былай деп атап көрсетті: «бүгін біз Ресейлік компаниямен транспорттық жүйені өзара біріктіру жөніндегі бірінші келісімге қол қойдық. Соның нәтижесінде КТК арқылы Ресей мұнайы көп кешікпей тасымалдана бастайды. Қалмақ Республикасынан КТК-ға жіберілетін шикізат көлемі біздің акционер болып табылатын Ресей үкіметінің квотасына сәйкес, сондай-ақ, құбыр жүйесінің жобалық қуатына қарай айқындалады».
Қазіргі жағдаймен КТК Қалмақ Республикасы аумағында жылына 300 мың тонна мұнай қабылдай алады. Егер консорциум акционерлері құбырдың мұнай өткізу мүмкіндігін арттыру жөніндегі ұсынысты қабылдаса бұл көлем едәуір артуы мүмкін.
Иен МакДональдтың айтуынша, қазір Қалмақ Республикасы аумағында бір насостық станция жұмыс істейді. КТК-ның жобалық қуатына толық көлемде қол жеткізуге инвестиция салу арқасында республикадағы насостық станциялар саны үшке жеткізілмек. Екінші станцияны КТК алдағы үш жылда, ал үшіншісін бұдан 2-3 жылдан кейін іске қосуды жоспарлап отыр.
Бүгінде КТК-ның негізін қалаушы үкіметтердің үлес салмағы мынадай : Россия — 24%, Қазақстан — 19%, Оман Сұлтандығы — 7%.
Консорциумға қатысушы жеке меншік мұнай компанияларының үлесіне келсек : Шеврон Каспиан Пайплайн Консорциум Компани — 15%, ЛУКАРКО Б.В. -12,5%, Роснефть-Шелл Каспиан Венчерз Лтд. — 7,5%, Мобил Каспиан Пайплайн Компани — 7,5%, Аджип Интернешнл Н.В. — 2%, БГ Оверсиз Холдинг Лтд. — 2%, Қазақcтан Пайплайн Венчерз ЛЛС — 1,75% и Орикс Каспиан Пайплайн ЛЛС — 1,75%.

Соңғы жаңалықтар