КТК мұнай құбыры жүйесінің қуатын арттыру мәселесіне арналған кеңес наурыз айының басында елімізде өтеді - ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК мұнай құбыры жүйесінің қуатын арттыру мәселесіне арналған кеңес наурыз айының басында елімізде өтеді - ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі

КТК мұнай құбыры жүйесінің қуатын арттыру мәселесіне арналған кеңес наурыз айының басында елімізде өтеді - ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі

КТК мұнай құбыры жүйесінің қуатын арттыру мәселесіне арналған кеңес Ресей үкіметі өкілдерінің қатысуымен наурыз айының басында елімізде өтеді. Бұл туралы бүгін, 1-ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Ақпан 2005
  • 440
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылы КТК мұнай құбыры жүйесімен тасымалданған мұнайдың жалпы көлемі 22,5 млн. тоннаны құрады. КТК басшылығының пікірінше, жүйені кеңейту КТК құбыр жүйесінің қуатын қосымша 10 мұнай айдау станциясын, қосымша резервуарлар мен үшінші причал қондырғыларын салу арқылы жылына 67 млн. тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді.

КТК-ның негізін қалаушы үкіметтердің үлес салмағы мынадай : Россия — 24%, Қазақстан — 19%, Оман Сұлтандығы — 7%.
Консорциумға қатысушы жеке меншік мұнай компанияларының үлесіне келсек : Шеврон Каспиан Пайплайн Консорциум Компани — 15%, ЛУКАРКО Б.В. -12,5%, Роснефть-Шелл Каспиан Венчерз Лтд. — 7,5%, Мобил Каспиан Пайплайн Компани — 7,5%, Аджип Интернешнл Н.В. — 2%, БГ Оверсиз Холдинг Лтд. — 2%, Қазақcтан Пайплайн Венчерз ЛЛС — 1,75% и Орикс Каспиан Пайплайн ЛЛС — 1,75%.

Перейти к новостям спорта