КТК ойыншысы Н. Қоянбаев кино түсірмек - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК ойыншысы Н. Қоянбаев кино түсірмек

КТК ойыншысы Н. Қоянбаев кино түсірмек

КТК-ның белгілі ойыншысы, тележүргізуші әрі тележобалардың продюсері Нұрлан Қоянбаев енді кино түсірмек.

  • 12 Сәуiр 2012
  • 854
Фото - Caravan.kz

Ел телеарналарының бірінде жақын арада көрсетілетін жаңа туындының жанры әлемдік телевизияда кең таралған. Ол әзілге толы қысқа бөлімдерден тұратын комедия. 12 жыл бойы халықаралық КТК ойындарында ойнаған Нұрлан Қоянбаев, кино түсіру туралы шешім бір күнде келмегендігін айтады.

«Халыққа отбасы түгел отырып, ұялмай көре беретін бір тартымды, сапалы өнім ұсынсақ дейміз. Жаңа телехикая «Базарбаевтар» деп аталады. Түсіру жұмыстары қызу жүріп жатыр», — дейді ол.

Өмірі қызыққа, базарға толы қарапайым Базарбаевтар отбасының тірлігі жайлы хикаяның желісі Алматыдағы үш бөлмелі пәтерде өрбиді.

Басты рөлдерді Бекжан Тұрыс, Күнсұлу Тұрғынбекқызы, Гүлнәр Силбаева мен Нұржан Тұтов сомдайды.