КТК құбыр жүйесі жұмыс істей бастағаннан бері мұнай тиелген 180 танкер жөнелтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК құбыр жүйесі жұмыс істей бастағаннан бері мұнай тиелген 180 танкер жөнелтілді

КТК құбыр жүйесі жұмыс істей бастағаннан бері мұнай тиелген 180 танкер жөнелтілді

25-маусым , сәрсенбіде КТК құбыр жүйесі жұмыс істей бастаған 2001-жылдан бергі 180-ші танкерге мұнай тиеп жөнелтілді . 26-маусымдағы жағдаймен Каспий құбыр жүйесі Консорциумы дүниежүзілік рынокқа 18,9 млн. тонна мұнай жөнелтті. 2003-жыл басынан бері айдалған мұнай көлемі 6,85 млн. тоннаны құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Мәскеудегі КТК баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Маусым 2003
  • 541
Фото - Caravan.kz

Қазіргі таңда КТК жүйесі арқылы бес компанияның мұнайы тасымалдануда. Ай сайын айдалатын мұнай көлемі барған сайын артып, бүгінде 1,2-1,3 млн. тоннаны құрап отыр. КТК-ның негізін қалаушы үкіметтердің үлес салмағы мынадай : Россия — 24%, Қазақстан — 19%, Оман Сұлтандығы — 7%.

Консорциумға қатысушы жеке меншік мұнай компанияларының үлесіне келсек : Шеврон Каспиан Пайплайн Консорциум Компани — 15%, ЛУКАРКО Б.В. -12,5%, Роснефть-Шелл Каспиан Венчерз Лтд. — 7,5%, Мобил Каспиан Пайплайн Компани — 7,5%, Аджип Интернешнл Н.В. — 2%, БГ Оверсиз Холдинг Лтд. — 2%, Қазақcтан Пайплайн Венчерз ЛЛС — 1,75% и Орикс Каспиан Пайплайн ЛЛС — 1,75%.

Соңғы жаңалықтар