КТК құбыр жүйесімен Қарашығанақ мұнайын тасымалдау жұмыстары 2003-жылдың төртінші тоқсанында қайтадан жанданады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК құбыр жүйесімен Қарашығанақ мұнайын тасымалдау жұмыстары 2003-жылдың төртінші тоқсанында қайтадан жанданады

КТК құбыр жүйесімен Қарашығанақ мұнайын тасымалдау жұмыстары 2003-жылдың төртінші тоқсанында қайтадан жанданады

Қарашығанақ кенішінен шығарылған мұнайды КТК құбыр жүйесімен тасымалдау жұмыстары 2003-жылдың төртінші тоқсанында қайтадан жанданады. Тасымал жұмыстары мұнайдың каустикалық содадан ластануы салдарынан уақытша тоқтатылған болатын. Бұл туралы KZ-today тілшісіне BG Group баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Қыркүйек 2003
  • 393
Фото - Caravan.kz

BG Group өкілдерінің пікірінше, мұндай бөгет жобаны жүзеге асыруға айтарлықтай әсер етпейді, жоспардан ауытқу мөлшері небәрі 2 процентті құрамақ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қарашығанақта кенішті игеру бағдарламасының екінші кезеңі жүзеге асырылды. Бұл сатыда бірнеше ірі өндірістік нысандар пайдалануға берілуі тиіс, атап айтсақ, газды кері бағытта пластқа айдау қондырғысы ГП-2, жылына 7 млн. тонна сұйық көмірсутегі шикізатын өңдей алатын КПК өңдеу кешені, КТК құбыр жүйесіне шығатын 635 шақырымдық Ақсай-Үлкен Шаған-Атырау бағытындағы экспорттық мұнай құбырын пайдалануға беру шарасы жүзеге асады.
КПК кешені КТК құбыр жүйесіне жылына 7 млн. тонна сұйық көмірсутегі шикізатын жіберуге мүмкіндік жасайды. Жалпы алғанда, кеніштегі сұйық көмірсутегі шикізатын өндіру көлемі жылына 10 млн. тоннадан асады деп күтілуде.
Ал 3 және 4-сатыда өндірілген газды сату тұрғысында келісімдерге қол қою көзделген.

Соңғы жаңалықтар