КТК желісінің жылдық қуаты 76 миллион тонна мұнайға жеткізілуі ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК желісінің жылдық қуаты 76 миллион тонна мұнайға жеткізілуі ықтимал

КТК желісінің жылдық қуаты 76 миллион тонна мұнайға жеткізілуі ықтимал

Қазақстанның «Теңіз» кеніші мен ресейлік Новороссийск айлағын байланыстырып отырған КТК құбырының өткізу қуатын кеңейту жобасы аяқталғаннан кейін, желінің жылдық қуаты 67 миллион тоннаны құрайтын болады. Дегенмен, антифрикциялық препарат қолданған жағдайда, бұл көрсеткіш жылына 76 миллион тонна мұнайға дейін жетуі ықтимал.

  • 1 Шiлде 2011
  • 446
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Атырауда аталмыш жобаны іске қосу рәсімінде КТК бас директоры Николай Платонов мәлім етті. Оның айтуынша, құрылысшылар құбырдың «Атырау» мұнай өңдеу зауытынан тартылған «тар» бөлігін ауыстырумен қатар, құбыр желісінің Қазақстан мен Ресейдің аумағындағы 5 мұнай айдау стансасында жаңарту жұмыстарын жүргізеді, 10 қосалқы мұнай айдау стансасын салады, екеуі — Қазақстанның аумағында, 8-і — Ресей аумағында. Оған қоса Новороссийск қаласының іргесінде мұнай сақтауға арналған 6 резервуар салу, КТК Теңіз айлағында үшінші жайма айлақ салу жоспарланып отыр. Байланыс және құбыр желісін басқару жүйесі де түрлендірілмек.

Естеріңізге сала кетейік, КТК компаниясының акционерлері: 31 пайыздық үлесі бар Ресей Федерациясы («Транснефть» — 24% және КТК Компани — 7 %), 20,75 пайыз үлесі бар — Қазақстан Республикасы (оның ішінде Қазмұнайгаз — 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC — 1,75%). Сондай-ақ Chevron Caspian Pipeline Consortium Company (15%), LUKARCO B.V. (12,5%), Mobil Caspian Pipeline Company (7,5%), Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited — (7,5%), BG Overseas Holding Limited (2%), Eni International N.A. N.V. ( 2%) және Oryx Caspian Pipeline LLC (1,75%)компаниялары.

Соңғы жаңалықтар