КТК-да жаңа жоба: «Орталық редакциясы» - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК-да жаңа жоба: «Орталық редакциясы»

КТК-да жаңа жоба: «Орталық редакциясы»

КТК телеарнасы, уәде етілгендей, көрермендерін тағы бірнеше қазақша жобамен қуантқалы отыр! Жаңа маусымда өздеріңізге жол тартатын алғашқы хабарымыз – "Орталық редакциясы". Мұнда әдеттегідей әр саладағы түрлі қызықты тақырыптар қозғалады. Сондай-ақ, осы жазда ғана ғана басталып, сол аз уақыттың ішінде өз аудитроиясын тауып үлгерген «Кесір» жобасы жалғасын таппақ. Оны әріптесіміз Ерланби Дәулетияр жүргізіп келеді.

  • 27 Тамыз 2015
  • 386
Фото - Caravan.kz

Жазғы маусымда шығып өз аудиториясын қалыптастырып үлгерген бағдарлама бұл жолы жалғасын тапты. Себебі, небәрі екі аптада көрермен көкейіндегі біраз мәселені көтеріп үлгерген еді.

Ұзақтылығы жарты сағатқа жалғасатын «Кесірде» кесірленіп, өз тағдырын ойыншық еткендерді де сынаймыз. Бұл жобада түрлі аурулар анықталып, олардың басты себептері айтылады. Бұған дейін аптасына төрт рет шыққан бағдарлама енді бір рет берілетін болды. Оны сәрсенбі сайын өткізіп алмаңыздар.

Екінші су жаңа бағдарлама – «Орталық редакциясы». Бұған дейін орыс тілінде ғана «Главная редакция» деген атпен шығып келген хабар енді қазақ тілінде де жалғасын тапты. Тілшілер әр тақырыпты тереңінен зерттеп, өз пайымдарын жасайды.

Яғни жобада қатып қалған қатаң қағида жоқ. Әр саланың мәселелері жіті зерттеліп, жан-жақты жеткізіледі. Мәселен, алғашқы хабарларымыздың бірі тарихтан сыр шертеді, яғни сталиндік қуғын-сүргін құрбандарына арналады.


Аталмыш жобаны әр аптаның сейсенбі күндері көре аласыздар. Қос бағдарлама  қазақ жаңалықтар топтамасының алдында, яғни кешкі сағат 8-де беріледі. Сосын қайталауы бар. Айта кету керек, эфирден көріп үлгермегендер оны www.ktk.kz сайтынан таба алады. 

Қаншалықты қызықты екенін естіп білгенше, көзбен көріп, бағасын өзіңіз беріңіз.

 

Соңғы жаңалықтар