ҚТЖ филиалында жұмыс істеген "өлі жандар" әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚТЖ филиалында жұмыс істеген "өлі жандар" әшкереленді

ҚТЖ филиалында жұмыс істеген "өлі жандар" әшкереленді

ҚТЖ ревизорлық комиссиясы ішкі тексерулер барысында "ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы" филиалында қызметкерлердің формальды еңбек қызметінің (өлі жандар) фактілерін анықтады

  • 21 Қазан
  • 7
ФОТО: Бауыржан Жуасбаев - Архив

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тексеру материалдары құқық қорғау органдарына берілген.

Осы фактіге қатысты Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тергеу барысында 21 млн теңге шығын дәлелденді. Филиал басшысының тапсырмасы бойынша формальды жұмыспен қамтылған адамдар жеке тұрғын үй құрылысына қатысқаны анықталды, — деп атап өтті компаниядан.

ҚТЖ жәбірленуші тарап деп танылды.

Қазіргі уақытта іс материалдары Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралып жатыр.