ҚТЖ отандық өндірістен шыққан 12 жаңа вагондарымен толықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚТЖ отандық өндірістен шыққан  12 жаңа  вагондарымен толықты

ҚТЖ отандық өндірістен шыққан 12 жаңа вагондарымен толықты

Бұл вагондардың қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін созылады.

  • 24 Қазан
  • 11
Фото: t.me/PR_KTZh

Жаңа жолаушылар вагондары Алматы-Жезқазған бағытында қатынайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

 «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Оңтүстік» филиалына отандық өндірістен шыққан 12 жаңа заманауи вагоны жеткізілді. Енді №73/74 «Алматы-Жезқазған» бағытында жүретін пойыздың құрамына 6 купелік және 6 плацкарттық жаңа вагондар қосылды.

Вагондар ауа баптау жүйелері, тамбурларда орнатылған бейнебақылау камералары, ауаны тазартатын сүзгілер, түтін датчиктері және биодәретханалармен жабдықталған. Сонымен қатар, жолаушылардың ыңғайлылығы үшін купелерде электр розеткалары мен USB ұяшықтары орнатылған.

№73/74 «Алматы-Жезқазған» пойызы күн сайын тұрақты түрде қатынайды. Бұл вагондардың қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін созылады, әрі бір сапарда 540 жолаушыны тасымалдау мүмкіндігі бар.

Еске сала кетейік, 2023-2024 жылдар аралығында Ұлттық тасымалдаушының паркі 150 жаңа вагонмен толықтырылды. Бұл вагондар Атырау-Маңғыстау, Ақтөбе-Атырау, Павлодар-Түркестан және Қызылорда-Семей бағыттарында қатынап жүр.