Куәгерден күдіктіге айналған ақтөбелік аштық жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Куәгерден күдіктіге айналған ақтөбелік аштық жариялады

Куәгерден күдіктіге айналған ақтөбелік аштық жариялады

Ақтөбеде түнгі клубтан шығып, жаппай төбелескендерді тоқтатпақ болған Бауыржан Унерзак екі ай бойы тергеу изоляторына қамалған. Ол денесіне тергеушінің аты-жөнін ойып жазып, аштық жариялаған. Сот тергеу аяқталғанша оны үйқамақта ұстауға шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 6 Қыркүйек 2017
  • 203
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе қаласының 29 жастағы тұрғыны Бауыржан Унерзак қазір пәтерінен бір қадам ұзай алмайды. Ол түнгі клубта болған жаппай төбелес кезінде басу айтып, сабырға шақырғаны үшін куәгерден күдіктіге айналған. 

«Күйеуім Бауыржан Унерзак түнгі клубтан шығып, төбелесті көреді. Ораза айының соңғы күнінде сабырға шақырып, араша түскен. Бұл оқиғада ол үшінші жақ, куәгер еді. Бәрі өтті, бірақ екі күннен соң күйеуімнің іздеуде жүргені туралы хабарлама келді. Кейін хабарламаны күйеуім Бауыржан Унерзакқа айтып, қорғаушымен хабарластық. Қорғаушымыз тергеушіге хабарласып, куәгердің күдіктіге айналу себебін сұрады. Оқиға 25 маусымда болды, полиция қызметкерлері бізге 5 шілде күні телефон шалды. Кейін ІІД апарып, сол жерден шығармады, куәгерден күдіктіге айналды»,- деді Арина Нұғманова.

№2 қалалық соттың судьясы Теміржан Алданов өзінің денесіне тергеушінің тегін ойып жазған Бауыржан Унерзакты үйқамаққа ауыстыруға шешім қабылдады. Уақытша тергеу изоляторында аштық жариялап, өз денесін зақымдаған ол үйіне оралған соң жедел жәрдемнің көмегіне жүгінген.

«Біздің екі баламыз бар. Аштық жариялап, денесіне таңба салған кезде қорықтым, аядым. Ол бұдан басқа шешімін таппағанын айтты. Сондықтан прокуратураға арыз жазып, көмек сұрадым. Оның жағдайы жақсы. Алғаш үйге келгенде үш күн бойы тамақ іше алмады. Ас қорыту жүйесі бұзылған»,- деді Арина Нұғманова.


Айта кетейік, қазір осы істі Ақтөбе облыстық прокуратурасы өз бақылауына алды. «Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша қозғалған іске байланысты Бауыржан Унерзактың арызы Ақтөбе облысы прокуратурасының бақылауына алынды. Мән-жайды анықтап, қосымша хабарлаймыз»,- деді Ақтөбе облысы прокуратурасының аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев.

 

Соңғы жаңалықтар