Куәгерлер Шерзат Полат қаза тапқан жерден табылған оқ гильзалары туралы айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.5
  • 601.62
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Куәгерлер Шерзат Полат қаза тапқан жерден табылған оқ гильзалары туралы айтып берді

Куәгерлер Шерзат Полат қаза тапқан жерден табылған оқ гильзалары туралы айтып берді

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасып жаты

  • 5 Мамыр
  • 13
Фото - Caravan.kz

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін сотта оқиға орнына төбелес аяқталғаннан кейін келген куәгерлер өз түсініктемелерін берді.

Бүгін куәлік еткен адамдардың бәрі дерлік бірдей жайтты айтты: төбелес болған жердің жанында жерде жасыл түсті екі гильза жатқан. Куәгерлердің бірі олардың бір-бірінен 2–3 метр арақашықтықта жатқанын айтты. Куәгерлердің көбі гильзалардың бірін кейінірек бір әйел адам көтеріп, көлікке отырғанын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Шерзат өлтірілген сәтте оқиға орнында болған куәгер Дана Жақсыгелді төбелеске қатысушылардың бірінің мылтықтан үш рет оқ атқанын баяндаған болатын:

«Біз дүкеннен шыққанда төбелес басталып кеткен екен. Мен көліктің артына қарай шегіндім. Сол сәтте атыс басталды. Біздің жаққа қарай сақалды, бойы ұзын, сұр киімді жігіт келіп, біз жаққа қарап мылтықпен оқ атты. Мылтықпен атты. Алдымен әуеге бір рет атты. Кейін біздің жаққа екі рет атты. Осыдан кейін төбелес көшенің арғы жағына ауысып кетті. Төбелес сол жақта жалғасты», — деді куәгер.

Қыздың айтуынша, мылтықпен ата бастағанда ол қорқып кеткен. Прокурордың «неге 102 нөміріне немесе жедел жәрдемге хабарласпадың?» деген сұрағына ол былай деп жауап берді:

«Ондай ой мүлде келмеді. Біріншіден, өмірімде алғаш рет мылтық көрдім. Алғаш рет оқтың дауысын естідім. Сол себепті қорқып, көлікте отыра бердім. Өмірім үшін алаңдадым».