Куәгерлердің бірі С.Ахметовке 320 млн. теңгені заңсыз бергені жайында айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Куәгерлердің бірі С.Ахметовке 320 млн. теңгені заңсыз бергені жайында айтып берді

Куәгерлердің бірі С.Ахметовке 320 млн. теңгені заңсыз бергені жайында айтып берді

Қарағанды облыстық сотында  Серік Ахметов пен бірқатар жоғары лауазымды тұлғалардың қылмыстық ісі бойынша куәгерлерді тыңдау жалғасуда.

  • 5 Қараша 2015
  • 427
Фото - Caravan.kz

«Топар жылыжайы» ЖШС-мен байланысты эпизотты қарау кезінде сотталушылардың бірі Ғұмар Рахымжанов куәлік берді. Ол кезінде «ҚазАгроФинанс» АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарған еді.

Айта кетерлігі, күні кеше ғана сот отырысында  куәгерлердің бірі — «Топар жылыжайы» ЖШС директоры Александр Забиров жылыжайдың негізгі қожайыны ретінде Серік Ахметовті атап, агрокешенді жаңғыртуға «ҚазАгроФинанс» АҚ несие бөлгенін айтқан еді.

А.Забиров қажетті жабдықтарды 12 млн. еуроға жеткізуге келіскен испандық «RufepaTechnoagro S.L.» компаниясын тапқан. Бірақ, ол С.Ахметовтің өкілінен жеткізушімен құрал-жабдықтардың құнын 3 млн. еуроға арттыру және сол соманы кері Қазақстанға қайтаруға уағдаласу туралы тапсырма алған. Бұл ұсынысқа «RufepaTechnoagro S.L.» компаниясы басшылығы келіскен. Одан ары, оның сөзіне қарағанда, аталған сома қазақстандық жалған кәсіпорын шотына түсіп, қолма-қол ақшаға айналдырылған. Аталған ақшаның бір бөлігі С.Ахметовке оның сенімді өкілдері, оның ішінде Рахымжанов арқылы табысталып, қалған бөлігі жылыжай кешені құрылысына жұмсалған.

Ғ.Рахымжанов бұл сөздері растап, С.Ахметовпен 2010 жылдан бері таныс екендігін, оның көмегімен «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ында, «ҚазАгроФинанс» АҚ-ында лауазымды қызметтерге тұрғанын атап өтті.

«2012 жылдың желтоқсан айының соңында Серік Нығметұлына кезекті есеп беруге келдім. Біріншіден, мен қаржыландырудың басталғанын, берген тапсырмасын орындауға дайын екендігімді қуаттадым. Бұған ол: «Бүгін кешке менің үйіме кел», — деді. Сол күні кешкісін мен Матаевтан (сотталушылардың бірі, Премьер-Министр кеңсесі басшысының бұрынғы орынбасары) қай уақытта баруымды анықтап алдым. Өйткені, Премьердің кестесі өте ауыр болатын. Ол сағат 22-00, 23-00-ге дейін жұмыс істейтін. 23-00-де өзімнің қызметтік көлігіммен жүргізушіммен Ақбұлақ шағын ауданындағы жеке үйге келдім. Есімде қалғаны Серік Нығметұлы көшуге дайындалып жатқан болатын. Келіп есікті қақтым, күзетші ашты. Мен Серік Нығметұлын сұрадым. Олар менің келетінімді біліп отырды. Мен аулаға кірдім, күте тұруымды өтінді. Оң қолымда қара түсті сөмке бар болатын. 10-15 минуттан кейін Серік Нығметұлы шықты, біз екеуіміз үйге кіріп, баспалдақпен көтерілдік. Мен сөмкені дәлізде қалдырдым. Біз кірдік, ағымдағы істер, қаржылық-шаруашылық қызметтер жайында сөйлестік. Одан кейін мен кетіп қалдым», — деді Ғ.Рахымжанов.

«Екінші берілген сома 30 млн. теңге көлемінде болды. Оны А.Забиров жинады. Ол Ахметов Серік Нығметұлының тапсырмасы бойынша Матаевқа берілді. Оны жинауға Ерлан Қисықов та қатысты, 7 пайызын шегеру арқылы 20 млн. теңге қолма-қол ақшаға айналдырылды. Мен оны Матаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет үйіне жеткіздім (…). Сол сөмкемен төртінші қабатқа көтерілдім, 30 млн. теңге 10 мың теңгелік купюралармен салынған. Оның кабинетіне алып келдім. Ол үнсіз менен сөмкені алып, оң жағында тұрған сейфке салды және бұл соманың сыйлық үшін шұғыл қажет екенін айтты», — деп жалғады сөзін Ғ.Рахымбаев.


«Мен 87,5 млн. теңге көлеміндегі үшінші траншты 2013 жылдың наурыз айында бердім. Мен тағы да Матаевтан бұл соманы қай жерде беруге болатынын сұрадым. Матаев маған өзі хабарласатынын айтты. Ол маған хабарласып, келуді сұрады. Бұл шамамен наурыз айының соңы болатын. Бұл кезде Серік Нығметұлы Ақбұлақта емес, Тельман ауданында тұратын. Яғни, ол жақта жаңа жеке үйі болды. Мен шамамен айтылған уақытта жаңа үйге келдім. Мен оны алғаш рет көрдім. Есікті қақтым, күзетші ашты. Мен кірдім, күзетші мені негізгі үйдің оң жақ қапталында орналасқан қонақ үйге алып барды. Мен дәлізге кірдім. Серік Нығметұлы шамамен 10 минуттан кейін келді. Біз камин жанындағы креслоға отырып, ағымдағы қызметтер жайында сөйлестік. Мен перспектива, қаржы қаражаттың қозғалысы, қандай проблемалар бар екендігі жайында баяндадым және камин жанына қойған қара сөмкені көрсеттім. Осыдан кейін біз үйден шықтық, ол мені шығарып салды. Мен кетіп қалдым. Төртінші транш 2013 жылдың мамырында болды. Мен тағы да хабарласып, ақша менде екенін айттым. Бұл траншты мен Матаев арқылы оның «Нұрсая» шағын ауданындағы пәтерінде беріп жібердім. Қоңырау бастым, есікті ашты. Ғабит Мұстафаұлы өзі қарсы алды. Мен сөмкені бердім. Әр нәрсе жайында қысқа сөйлестік, қарапайым мәселелер болатын, өйткені біз күн сайын кедесетінбіз. Осыдан кейін мен кетіп қалдым. Бесінші және алтыншы транштар да Ғабит Мұстафаетың атап өткен мекен-жайы бойынша 2014 жылдың сәуір-мамыр айларында берілді. Бұл кезде мен Қорғаныс министрлігінде жұмыс істейтінмін. Жалпы, менің Ахметов Серік Нығметұлына берген сомам 320 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде 200 млн. теңге — Бұл «RufepaTechnoagro» Компаниясынан қайтарылған ақша, ал 120 млн. теңге менің білуімше Забировтың айналым қаражаты», — деді Ғ.Рахымжанов. 

Соңғы жаңалықтар