Қуандық Бишімбаев қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қуандық Бишімбаев қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жіберілді

Қуандық Бишімбаев қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жіберілді

Ол 8,5 айдан кейін түрмеге кетті.

  • 24 Шiлде
  • 6
Фото: ашық дереккөз

Сотталған экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев колонияға ауыстырылды. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Сотталушы сот үкіміне сәйкес, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жібірілді. Сонымен қатар, Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлаймыз», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков Қуандық Бишімбаевтың абақтыда қандай жұмыс істей алатынын айтқан еді.

«Сотталғандарды жұмысқа орналастыратынымыз рас. Бізде әртүрлі жұмыс бар. «Еңбек» РМК жұмысқа тұрып, ағаш және темір өңдей алады. Бәрі бос жұмыс орнына байланысты. Колонияға түскен соң ол 15 күн карантинге түседі. Одан кейін тиісті отрядқа барады», — деді Жәнібеков.