Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Үкімді судья Айжан Құлбаева оқыды.
Үкім қылмыстық жауаптылықты ауырлататын бірқатар мән-жайды ескере отырып жасалған. Атап айтқанда, сот пен алқабилер осындай мән-жайлармен қылмыстардың қауіпті қайталануын, сондай-ақ сот талқылауы барысында дәлелденген алкогольдік мас күйінде қылмыстық құқықбұзушылық жасалды деп таныған.
Қуандық Бишімбаев жазасын максималды қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінде өтейді.
Екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа деңгейдегі мекемеде өтейтін болады.
Бүгін сот залына БАҚ өкілдерінен бөлек, марқұм Салтанат Нүкенованың ата-анасы, құрбылары мен таныстары қатысты. Түске дейін судья мен алқабилер үкім шығару үшін бөлмеге кеткен. Кешкі сағат бесте судья үкімді оқыды. Тараптарға түсіндіріп, 15 тәулік ішінде апелляциялық шағым беруге құқылы екенін ескертті.