Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада өтіп жатқан сотта экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары марқұм Салтанат Нүкенова күйеуіне жазды делінген хатты оқып берді.
Сот отырысы барысында Бишімбаевтың қорғаушылары іс материалдарына блокнотты қосуды өтінді. Адвокат Ерлан Ғазымжановтың айтуынша, блокнотта Салтанат Нүкенованың күйеуіне жазған қолхаты бар.
Хатта Салтанат күйеуіне бұдан былай сенетінін, оны қызғанбайтынын, психологқа тұрақты түрде барып тұратынын, Қуандықты сыйлайтынын және оны тыңдайтынын жазған.
«Буду уважать, ценить нашу любовь, отношение ко мне. Обязуюсь заботиться, уважать всегда, поддерживать моего любимого Куандыка, буду читать намаз вместе с Куандыком, буду работать над своим сознанием, расти духовно и беречь свой дом и нашу любовь с помощью Аллаха. Когда-то он нас соединил, и я очень благодарна ему за свою любовь и за своего мужа», – деп жазылған блокнотта.
Бұл хат судьяның өзін таңғалдырды.
«Әйелі күйеуіне осындай міндеттеме жазып отыр ма? Мұны қалай түсінуге болады? Әйелі күйеуіне осындай хат жазғанын бірінші рет көріп тұрмын», — деді судья Айжан Күлбаева.
Жәбірленуші тарап блокнотты іс материалдарына қосуды қолдады. Олардың пікірінше, бұл жазба Бишімбаевтың Нүкеноваға психологиялық қысым көрсеткенін дәлелдейді. Ал мемлекеттік айыпталушылар хатты марқұм Салтанат Нүкенованың өзі жазып-жазбағаны белгісіз екенін айтты. Сотқа дейінгі тергеу барысында бұл блокнот жайлы ешкім білмеген.
Судья хатты іс материалдарына қосудан бас тартты.