Куба Қазақстанға ВИЧ індетіне шалдыққан балаларды емдеуге көмектесуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Куба Қазақстанға ВИЧ індетіне шалдыққан балаларды емдеуге көмектесуге дайын

Куба Қазақстанға ВИЧ індетіне шалдыққан балаларды емдеуге көмектесуге дайын

АСТАНА. 1 қараша . Kazakhstan Today. Куба Қорғаныш тапшылығы вирусын жұқтырған Оңтүстік Қазақстан облысының балаларына көмек көрсетуге дайын, бұл жөнінде Қазақстандағы Куба елшісі Тересита Капоте Камачо қазақстандық журналистермен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 1 Қараша 2006
  • 361
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі кезде көмек көрсету жолдары қарастырылуда, нақты қандай көмек қажеттігі жөніндегі ақпаратты күтіп отырмыз»,-деді Т.Камачо. «Кубада медицина жоғары деңгейде дамыған, СПИД-пен күрес саласында біздің қол жеткізген жетістіктеріміз мол� Кубада шығарылатын арнайы медициналық дәрі-дәрмектер жетерлік, арнайы аппаратура мен білікті мамандар бар»,-деп атап өтті дипломат.

Сонымен қатар, Т.Камачоның айтуынша, Қазақстанда кубалық дәрігерлер қызмет ететін көп салалы аурухана ашу жоспарда бар. Қазіргі кезде 30 мыңнан астам кубалық ақ халаттылар шетелде осындай ауруханаларда ақысыз жұмыс істейді, дейді дипломат.

Куба елшісі Қазақстан делегациясының өз еліне жоспарланған сапары осы мәселелердің шешілуіне ықпал етеді дегенге сенім білдірді. Делегация құрамына денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой кіреді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта