Желі қолданушылары арасында Кореядан келген құдалар қызу талқыға түсті
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды
Видеоға 70 мыңға жуық лүпіл басылып, 1800-ден астам пікір жазылған.
«Кореямен құда болып жатырмыз. Ханзада Жумонгтың ұрпақтары» деп жазды автор.
«Кореяда той жарты сағат болады, біздегі 6 сағат тойды көріп таңғалған шығар», «көп адамды көріп, шошыған болар», «өте мәдениетті халық», «кореялықтар да әйелінің айтқанымен жүреді екен ғой», «құда болмаған ел қалмады-ау», «той біткенше әрең отырған шығар» деп жазды желі қолданушылары.