”Құдай - шошқа”: Журналист трендке айналған әннің мағынасын айтып, елді шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Құдай - шошқа”: Журналист трендке айналған әннің мағынасын айтып, елді шошытты

”Құдай - шошқа”: Журналист трендке айналған әннің мағынасын айтып, елді шошытты

Журналист Дина Төлепберген Tik Tok желісінде трендке айналып, кең тарап жатқан әннің мәтінін түсіндірді.

  • 19 Мамыр
  • 51
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оның айтуынша, балалар айтып жүрген, әлеуметтік желілер арқылы кең таралып жатқан Trallallero, Trallalla әні дінді қорлайтын шығарма.

”Trallallero, Trallalla. Жәй әуен бе, әлде ұрпақты діннен бездіру құралы ма? Tik Tok ашып қалсаң, бұл әуенді әндетіп жүрген ұл-қызымызды көресіз: Trallallero, Trallalla… Үш аяғына кроссовки киген акула. Итальян акцентіндегі ырғақты рифма. Әзіл сияқты. Әуені — тартымды, көрінісі — күлкілі. Мәтіні ше? Trallallero, Trallalla — Траллалеро траллалла porco dio — Құдай — шошқа, e porch Allah — Алла шошқа. Бұл — ән емес. Бұл — дінді қорлау. Алланы мазақ ету. Бірақ бүгінгі бала мұны әуен деп қайталап жүр. Ол сөздің мағынасын түсінбейді. Бірақ миына жазылып жатыр. Құбыжық акуладан кейін абсурд кейіпкерлер шеруі тоқтамады. Кейінгі шыққан “Бомбордино Крокодило” “ Мен Палестинадағы балаларға бомба тастағанды ұнатамын” — дейді. Бұл енді жәй қалжың емес. Бұл — саяси пропаганда. Одан кейінгілердің саны есепсіз. Әлгі мемдердің бір ғана ортақ белгісі бар: бәрі braintot хэштегімен таралып жатыр. Ол — “мидың шіруі” дегенді білдіреді. Tik Tok — та қазір ондай 1,5 миллионнан астам видео бар. Олардың бәрінің көксегені соғысты ойынға айналдыру, діни қорлау. “Brain rot” — жәй интернет термин емес. 2024 жылы Оксфорд сөздігі оны “жыл сөзі” деп жариялады. Абсурд пен бос күлкінің үстемдік құратын дәуірі басталды дегенді меңзеп. Психотерапевт Шерил Эскин былай дейді: итальяндық брейнрот — миға арналған цифрлық кәмпит секілді. Бұл — ата-аналар түсінбейтін құпия тіл. Сондықтан балалар үшін ол “керемет” болып көрінеді. Бірақ тәттіні тексерсек — нағыз у екен…Мен Tik Tok-ты жабайық демеймін. Мен диалог бастайық деймін. Балаңыз не көріп жүр? Не тыңдап жүр? Неге күледі? Кімге еліктейді? Бұл сұрақтардың жауабын сіз білмейінше жауапты нейрожүйе береді. Сондықтан ми шірімесін десек, мағына берейік”, — дейді журналист.

Желі қолданушылары бұл әнге шектеу қоюды ұсынуда.

”Балаларым жатқа айтады. Сұмдық! Неге шектеу қоймайды”, Тик ток дегенді жабу керек. Әбден сананы улап бітті”, “Қорқынышты ән екен. Мағынасын білмейді ғой балалар”, “Неге мемлекет деңгейінде осындай контентке шектеу қоймайды”, — деп жазды ол.