"Құдай жазасын берген": Мүгедектерге тіл тигізген Алматы облысы әкімінің орынбасарының басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құдай жазасын берген": Мүгедектерге тіл тигізген Алматы облысы әкімінің орынбасарының басы дауға қалды

"Құдай жазасын берген": Мүгедектерге тіл тигізген Алматы облысы әкімінің орынбасарының басы дауға қалды

Алматы облысында облыс әкімдігінің өкілдері мен денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова халықпен кездескен.

  • 1 Желтоқсан
  • 27
Instagram/Kynmedia.kz

Кездесуде облыс әкімінің орынбасары мүмкіндігі шектеулі жандарға ерсі сөйлеп, басы дауға қалған, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.

Әкім орынбасары елді мүмкіндігі шектеулі азаматтарға құрметпен қарап, оларды бірінші тыңдауға шақырғысы келген. Алайда сөзін аса ерсі бастап, елдің ашуына тиген.

«Мүгедектер, енді бұл кісілердің еңсесін түсірмейік, былайша айтқанда и так Алла тағала бұл кісілерге… орысша айтқанда их наказали ғой. Сыйлаймын, сіздер құдайға шүкірсіздер ғой. Осы кісілерді кішкене қабылдасын»,-деген әкім орынбасары.

Бұл сөзді естіген залдағы бірнеше азамат ашуға булыққан. Олар шенеуніктің сөзін өте әдепсіздік деген.

Перейти к новостям спорта