Күдебаевты елге қайтару өте қиынға соғады – Заңгерлер - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күдебаевты елге қайтару өте қиынға соғады – Заңгерлер

Күдебаевты елге қайтару өте қиынға соғады – Заңгерлер

Заңгерлер елден қашқан генерал Серік Күдебаевты елге қайтару қиын шаруа екенін мәлімдеді.

  • 5 Сәуiр 2023
  • 351
Фото - Caravan.kz

Олардың сөзінше, Алматы облысы полициясының бұрынғы басшысы Қазақстанмен экстрадиция жайлы келісім жасамаған елде жасырынуы мүмкін деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  КТК арнасына сілтеме жасап.

Үкім шығар алдында із суытып үлгерген айыпталушы Серік Күдебаев ұсталған жағдайда, негізгі жазасынан бөлек, тағы 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тек оны ұстау да оңай болмайтын сыңайлы. Қазір «генерал Солтүстік Кипрде жүр» деген ақпарат тарап жатыр. Ал ол ел мен Қазақстан арасында қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісім жоқ дейді заңгерлер.

"Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Косово және Солтүстік Кипрді жатқызуға болады. Себебі, бұл мемлекеттермен екі жақты келісімшарттар жоқ. Олар бізге қылмыскерді ұстап беруге міндетті емес",- дейді заңгер Бағдат Амандосұлы.

Сонымен қатар үй қамақта жүрген Күдебаевты көзден таса қылмай қадағалау керек болған қызметкерлерге де заң бойынша 7 жылға дейін жаза қарастырылған. Күні кеше сот генералдың 23 наурызда Қырғызстан арқылы Түркияға өтіп кеткенін растаған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның шекарадағы бақылау-өткізу пунктінің ешбірінен өтпегенін хабарлады. Қазір қашқын генералды іздеумен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен прокуратура айналысып жатыр. Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығына қаңтар оқиғасы кезінде «қызметін асыра пайдаланды» деген айып тағылған. Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаннан кейін Күдебаев денсаулығының нашарлығын желеу етіп, сот отырысына баруды тоқтатты. Соңында тіпті елден қашып кеткені белгілі болып отыр.