Күдіктілерді тұтқындауға санкция беру міндетін соттарға жүктеу жөніндегі заң жобасы жыл соңына дейін дайындалып бітеді - ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күдіктілерді тұтқындауға санкция беру міндетін соттарға жүктеу жөніндегі заң жобасы жыл соңына дейін дайындалып бітеді - ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі

Күдіктілерді тұтқындауға санкция беру міндетін соттарға жүктеу жөніндегі заң жобасы жыл соңына дейін дайындалып бітеді - ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі

Қылмысты жасаған күдікті деп танылған адамдарды тұтқындауға санкция беру міндетін соттарға жүктеу жөніндегі ҚР Жоғарғы соты әзірлеп жатқан заң жобасы жыл соңына дейін толыққанды дайындалып бітеді. Бұл туралы бүгін, 6-қарашада ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі Игорь Рогов KZ-today тілшісіне Алматыда хабарлады.

  • 6 Қараша 2003
  • 928
Фото - Caravan.kz

И.Роговтың айтуынша, бұл мәселеде қиындық тудырып отырған тұс — сот пен прокуратураның құзырет аясының ара жігін ашу мен санкция беру процедурасын нақты айқындау болып отыр. Қазір жобаның негізгі үш түрлі үлгісі қарастырылуда.

ҚР парламентінің депутаттары ұсынып отырған бірінші үлгіге сәйкес, санкция беру функциясын толықтай сотқа өткізу ұсынылған. Мұндай жағдайда прокуратура күдіктіні тұтқындау шарасына қамауға алу процедурасы жөнінде бастама көтеруші тарап ретінде ғана қатысады. И.Роговтың атап көрсетуінше, «мұндай үлгі азамат тек соттың немесе прокуратураның санкциясымен ғана тұтқынға алынады деп көрсеткен Қазақстан Ата заңына қайшы «. «Бұл шараға, біздің пайымдауымызша, прокуратура міндетті түрде қатысуы қажет»,- деді ол.
Екінші үлгі бойынша, прокурор күдікті азаматты 2-3 айға тұтқынға алуға санкция беруге құқылы деген тәртіп енгізу ұсынылып отыр. Бұл мерзім аяқталғаннан кейін, күдіктіні одан әрі тұтқында ұстау қажеттігі туындаған жағдайда ендігі санкцияны сот береді. Мұндай ұсыныс жасауға прокуратураның шешім қабылдаудағы оперативтілігі негіз болып отыр деді И.Рогов.
Ал үшінші үлгіде көрсетілгеніндей, тұтқынға алуға санкцияны тек қана сот беруі тиіс. Ал егер сот тарапынан санкция беруден бас тартылған жағдайда прокурор судьяның шешіміне жоғарғы сатылы сот мекемесі арқылы қарсылық білдіре отырып, күдіктіні 10-15 күнге қамауға алу туралы санкция бере алады. Прокурор мұндай шешімді «күдікті әлеуметтік тұрғыда қауіпті немесе ол қашып кетуі мүмкін деп саналған жағдайда» қабылдай алады.
И.Роговтың айтуынша, маман ретінде оған екінші үлгі жақынырақ. Алайда, екінші жағынан алып қарағанда, » бұл іс бойынша барлық құзыретті соттарға беруден де ешбір қауіп-қатер жоқ». «Ресейдің тәжірибесі дәлелдеп бергеніндей, тұтқындауға санкция беру құқығын тек соттарға беруден сот немесе құқық қорғау жүйесі құлап қалған жоқ, қылмыскерлер де қашып-пысып ұстатпай кеткенін көре алмадық»,- деді ол. Сонымен бірге, И.Роговтың айтуынша, «санкция алу үшін өтініш беру мөлшері 2-3 есе азайған. Соның нәтижесінде ресейліктер абақтыда отырған адамдар санын едәуір азайта алды».

Соңғы жаңалықтар