Күдіктіні азаптап өлтірген полиция қызметкерлері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күдіктіні азаптап өлтірген полиция қызметкерлері ұсталды

Күдіктіні азаптап өлтірген полиция қызметкерлері ұсталды

Өзбекстанда азаптау белгілері бар ер адам ессіз күйде полиция бөлімшесінен ауруханаға жеткізіліп, қайтыс болғаннан кейін үш полицей қамауға алынып, айыпталды. Бұл туралы 13 маусымда бас прокуратура хабарлады.

  • 15 Маусым 2020
  • 192
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы alashainasy.kz басылымы Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлады. 

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, мамыр айында полиция қызметкерлері елдің шығысындағы Әндіжан қаласының тұрғынын қамауға алып, азаптаған. А.Әбдікәрімов есімді тұрғын ауруханаға жеткізілгеннен кейін 11 маусымда көз жұмған. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, Әбдікәрімовтың туыстары оның ауруханада ессіз жатқан кездегі күйін видеоға түсіріп алған. Видеода оның аяғы мен қолдары қанталап, ісіп кеткені көрінеді. Аузында түтікше болған.

Прокуратураның хабарлауынша, полиция қызметкерлері 1 маусымда қамауға алынған және қазір қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Әбдікәрімовтің не үшін қамауға алынғаны белгісіз.


Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымының айтуынша, өткен айда Біріккен Ұлттар Ұйымы Өзбекстанның қамау мекемелерінде азаптау тұрақты түрде кездесетінін айтып, адам құқығы жағдайына алаңдаған.

Шавкат Мирзияев 2016 жылы билікке келгеннен кейін реформалар жүргізуді қолға алған. Бірақ Орталық Азияда постсоветтік елдер арасында халқы ең көп әрі тығыз қоныстанған мемлекетті Совет одағы тарағанға дейін, 1989 жылдан бастап бақилық болғанға дейін өзі орнатқан авторитарлы жүйеде темірдей тәртіппен басқарған бұрынғы президент Ислам Каримовтың тұсында адам құқықтары жиі бұзылғанын айтқан құқық қорғаушылар, бұл елдегі жағдайға әлі де алаңдаушылықпен қарайды.

Соңғы жаңалықтар