Жамбыл облысы Қазығұрт ауданы Жаңа базар ауылында тұратын 63 жастағы әйел 16-мамырда ауруханаға жатқызылған. Ол сойған қойдың етін бұзған кезде ауру жұқтырды деген күдік бар.
Министрлік ақпаратына сәйкес, науқастың халі орташа ауыр деп бағалануда. Қазір алынған сынамаларға зертханалық тексерулер жүргізіліп, ауру ошағында эпидемияға қарсы шаралар жүзеге асырылуда. Науқаспен қарым-қатынаста болған 4 адам тіркелді. Олар дәрігердің бақылауына алынды.