Күйеуім сабайды, кететін жерім жоқ. Кредитім де бар - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күйеуім сабайды, кететін жерім жоқ. Кредитім де бар

Күйеуім сабайды, кететін жерім жоқ. Кредитім де бар

Күйеуім сабайды, кететін жерім жоқ. Кредитім де бар.

  • 15 Наурыз 2019
  • 165
Фото - Caravan.kz

"Кредит болып тұр. 2017 жылы Каспи банктен кредит алған едім. 2018 дің сеньтябріне дейін төлеп келдім .Содан бері төлей алмай қалдым. Олар звондап маған угрожать етті. Өлуге дейін оқталдым. Енеңнің үйін аламыз. Тумаларыңның счёттарын жабамыз деді. Ол номерімді өшіріп тастадым қазір. Көршілеріңнен сұраймыз дейді. Күйеуіңнің счётын жабамыз деді. Мен қорқамын күйеуімнен. Себебі ол кредитті үлкен қызымның еміне алғанмын энурез болған соң. Үлкен қызым өзіммен бірге еріп келген. Кредитті енді қалай істеймін. Банкке арыз жазып көрдім он бес мыңнан төлейм деп отказ берді. Енді қалай істеймін? Сотқа қанша уақытта жібереді? Қалай шешеді сот? Өзім жұмысқа шығалмайм. Кенжем бірге толмады. Екінші мəселем күйеуім мені қатты соғады. Неге екнін өзімде түсінбеймін. Үлкен қызым себеп пе деп оны жүрегімнен жұлып анама бердім. Осы балаларым əкесімен болсын деп. Өзімнің əкем жоқ болған соң. Болмашы затқа соғады. Сегіз жыл болса да ақша ұстатпайды. Зат апермейді. Өзім пособияма аламын керегімді. Алдыңғы күні қасықты дұрыс бермедің деп ыстық тамақты лақтырды. Кеше монша жакшы деп оятқаныма қатты тепкілеп салды. Өзімді қорғамақ болып итеріп ем енді қол жұмсайсың ба деп одан сайын соқты. Мен де солай қиналатынымды түсінбейді.Артық ештеңе сұрамаймын.Үйден шықпаймын.Əкемнің жоқтығын анамның үйі жоқтығын басынады.Сорлы мал қайыршы қайда барасың жалеп боласың дейді. Өзімнен он бір жас үлкен. Мені əйел баласы деп еркелетіп бір мейрамда ешқайда апарған емес. Кетіп қалайын десем барар жерім жоқ. Заңмен қалай істей алам. Енемнің атындағы үйдің жартысын балаларыма ала алам ба? Қиналып кеттім. Кешегі соққан басым арқаларым қатты аурып жатыр. Еңкейе алмаймын. Еңкейсем басым аурады. Өмірден қатиы түңілдім. Алладан басқа қолдаушым жоқ. Жаным қиналып кетті. Осы күнге дейін арақ ішсе де ойын ойнаса да қаңғыса да шыдап келдім. Балаларым үшін бəріне төздім. Кредитімді білсе өлтіріп тастап балаларым жетім қалама деп қорқам", деп жазған үшбу хат иесі.