"Күйеуімнің анасының атын бердік": Баян Мақсатқызы әйелдерге арналған оңалту орталығын ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күйеуімнің анасының атын бердік": Баян Мақсатқызы әйелдерге арналған оңалту орталығын ашты

"Күйеуімнің анасының атын бердік": Баян Мақсатқызы әйелдерге арналған оңалту орталығын ашты

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге арналған оңалту орталығын ашты.

  • 26 Наурыз
  • 406
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндег3 парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мен зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға арналған оңалту орталығын ашуды жоспарлап жүргенімді айтқан болатынмын. Ол дайын болды. Жақын арадан орталық өз жұмысын бастайды. Қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық азаю үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Біз құтқару орталықтарын емес, бақыт үйлерін ашуымыз керек. Жүзге жуық әйелді қабылдайтын орталық үлкен, жарық әрі жайлы. Бізде жетекші мамандар психолог, заңгер, медицина қызметкерлері, тәрбиеші және оқытушылар жұмыс істейді. Барлық әйелді қалай құтқаруға болады? Ол мүмкін емес шығар. Мүмкін, бұл мәселеге қатысты қоғамның ойы мен көзқарасын өзгерткен дұрыс шығар. Зорлық-зомбылыққа жол жоқ", — деп жазды продюсер. 

Баян Мақсатқызының айтуынша, орталыққа енесінің атын берген. 

"Оңалту орталығын Клара деп атадық. Бұл — менің күйеуімінің анасының аты. Мен ол кісінің бізге көктен қарап, біздің игі бастамамызға батасын беретініне сенемін", — деп жазды ол.