Жасым 22-де, күйеуіммен отасқанымызға 4 жыл болды, екі баламыз бар. Күйеуім вахталық жұмыста, яғни 15 күн істеп,15 күн демалады. Ол ұлымыздың бір жасқа толған туған күніне ақша жинайық деп, екі ай демалыссыз істеймін деп шешті.
Ал енді қазір менімен дұрыстап сөйлеспей жүр. Оның өмірі соткасы өшіп жатады, менімен сөйлесетін, сөйтсем сол жақта бір əйелмен кездесіп жүр екен. Мұны кездейсоқ біліп қалдым. Енеме де, қайын апайларыма да айттым. Олар да күйеуіме ұрсып жатыр, менімен күйеуім сөйлеспей жүр.
Қайын апайыма айттым, "бірге барайық, ана əйелдің шашын жұламын" деп отырмын. Ертең алдымда не күтіп тұрғанын білмеймін, бірақ қорқамын. Егер екеуін төсекте ұстап алсам, өзімді қалай сабырға шақырамын,білмеймін. Барғаным дұрыс бола ма екен, одан кейін күйеуімді қалай кешіремін ,айқайлап ұрысқаным дұрыс па, əлде үндемей ғана қайын апайларымның айтқандарына қосылып тұра берейін ба?