"Күйеуін көрсетті" Енді Алтынай Жорабаева жолдасы екеуі аз уақытта 27 мың доллар табыс табуды үйретпекші - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күйеуін көрсетті" Енді Алтынай Жорабаева жолдасы екеуі аз уақытта 27 мың доллар табыс табуды үйретпекші

"Күйеуін көрсетті" Енді Алтынай Жорабаева жолдасы екеуі аз уақытта 27 мың доллар табыс табуды үйретпекші

Жолдасын осы уақытқа дейін жасырып келген Алтынай Жорабаева дүйім жұртқа видео жариялады. 

  • 20 Қараша 2020
  • 3482
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабардайды.

Әнші инстаграм әлеуметтік желісінде жаңа жолдасы мен жаңа бизнесін жариялап, оқырмандарынан сүйінші сұрады.

« Қымбатты оқырмандарым!!! КӨРІМДІКТЕРІҢІЗДІ АҚ ТІЛЕКТЕРІҢІЗ АРҚЫЛЫ ЖАУДЫРЫҢЫЗДАРШЫ БІЗГЕ ТІЛЕГЕН ТІЛЕКТЕРІҢІЗ ЕСЕЛЕП ҚАЙТСЫН. 

Көптен бері сіздерді Алла қосқан жолдасыммен бірге жаңа жоба бастап жатқанымыз туралы айтамын деп уәде еткен болатынмын! Сол уақыт келіп жеткен сияқты!

Бұл Малазиялық компания. 100% ХАЛАЛ. Нарықта әлі болмаған инновациялық өнімімен және адал маркетинг жоспарымен Қазақстанға кіріп жатыр.

Сіздерге түсінікті болу үшін 1 ғана бонустан аз уақыт ішінде 27 000$ ақша табуға болады. Ең бастысы бұл таза еңбекпен табатын адал ақша! Командамызға ең алғаш болып қосылу үшін  хабарласыңыздар.»- деп жазба жариялады.


Оқырмандарының кейбірі тілек-лебізін білдірсе, енді бірі күмәнмен қарайтынын жазған. Дегенмен көпшілікті жаңа бизнестен көрі Алтынайдың күйеуі қызықтырды. "Тығып жүрген күйеуін көрсетті-ау", "Көрсе көз тояды екен", "Әдемі жігіт", "Сымбатты" деген пікірлер қалдырды.

Ал әріптестеріның барлығы дерлік сәттілік тілеп жазды.

Соңғы жаңалықтар