Күйеуіне ән арнаған Баян Алагөзова жанкүйерлерін сүйсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күйеуіне ән арнаған Баян Алагөзова жанкүйерлерін сүйсіндірді

Күйеуіне ән арнаған Баян Алагөзова жанкүйерлерін сүйсіндірді

Талай әншінің жұлдызын жаққан Баян Алагөзова 40-тан асқан шағында ән айту туралы ойлана бастағандай.

  • 19 Қыркүйек 2018
  • 156
Фото - Caravan.kz

Таяуда ғана анасына арнап ән шырқаған продюсердің шабыты оянса керек. Ол енді сүйікті күйеуі Тұрсынғали Алагөзовке арнап ән жаздырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Баян Мақсатқызы өзінің де, қыздарының да аса әнге қабілеті жоқ екенін үнемі айтатын. Алайда ол екі перзентінің де өнерге жақын болғанын қалаған. Тіпті, Айаруды еркінен тыс 7 жыл фортепиано мектебінде оқытқан Алагөзова мұнысынан түк шықпайтынын ақыры түсінген.

Десе де, өлеңге әркімнің-ақ бар таласы демей ме? Әрі өмірлік махаббатын орта жолда кезіктірген Мақсатқызы қазіргі жай-күйін жаңа әні арқылы жеткізгісі келсе керек-ті.


Тұрсынғали Алагөзов жары Баянның өзіне арнаған әнін жариялап, алғысын білдірді. Ал желі қолданушылары Баянға “романтик” деп баға беріп, туындының әдемі шыққанын атап өткен.

Соңғы жаңалықтар