Күйік шалған бала ауруханаға жатқызылды - Алматы облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күйік шалған бала ауруханаға жатқызылды - Алматы облысы

Күйік шалған бала ауруханаға жатқызылды - Алматы облысы

Бала медициналық көмекке мұқтаж.

  • 5 Желтоқсан 2017
  • 154
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында күйік шалған 7  жастағы бала Талғар аудандық ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел хабарлады.

«Тәтесінің қарсылығына қарамастан баланы мәжбүрлеп ауруханаға жатқыздық. Баланың амбулаториялық картасы, құжаттары жоқ. Қазір баланы қарауға облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Эльмира Ахметова бастаған дәрігерлер консилиум жинап жатыр. Әрі қарай емдеу шаралары талқыланады», — деді Ғалымұрат Жүкел.

Қазір 7 жастағы бала Алматы облысы Талғар ауданында тұрып жатыр. 2015 жылы үйде пеш жарылып, баланың кеуде тұсын, бетін күйік шалған.

Қоғам қайраткері Аружан Саин әлеуметтік желіде денесін күйік шалған, өздігінен аузын жаба алмайтын бала туралы жазба қалдырған болатын.

 «SOS! Саңыраулар мен соқырлар елі… Денесінің жартысын 1,2,3,4 дәрежедегі күйік шалған бала тұрып жатыр. Бұрын облыстық ауруханада емделген. Қазіргі жағдайы өте мүшкіл. Терісі жиырылып, тартылған кезде баланың жанына батады. Бұрын мұндай балаларды шетелге емдеуге жіберетінбіз. Оларға жасанды тері жапсырылады. Ол баламен бірге өсуі тиіс. Бізде ондай емдеу жасалмайды. Баланың аузы жабылмайды, саусақтары жиырылып қалған. Облыстық, аудандық дәрігерлер қайда қарап отырған?», — деді Аружан Саин.

Әкімдік өкілінің айтуынша, баланың мүшкіл халі қоғамда үлкен шу туғызды. Сол себепті жергілікті әкімдік жағдайды бақылауға алды.


 «Әзірге қызметтік тексеру басталған жоқ. Біреуді жазалау туралы әңгіме айтуға әлі ерте. Бірінші кезекте баланы аудандық ауруханаға жатқызуға күш салып жатырмыз. Ең алдымен баланы емдеу керек. Бала медициналық көмекке мұқтаж. Одан әрі қалай емдеу керектігі келесі мәселе», — деді Ғалымұрат Жүкел.

Соңғы жаңалықтар