Ерлер арасындағы жұптық разрядтың бірінші айналымының матчында қазақстандық Михаил Кукушкин мен австралиялық Рамиз Джунад итальяндық Симоне Болелли мен Фабио Фоньиниден 6:7 (1), 6:3, 3:6 есебімен ұтылды.
Қазақстандық пен австралиялық спортшы бірінші сетті Джунадтың доп берісінде бірнеше сет-болға ие бола тұрып, ұтылды. Ойынның екінші жартысы олар үшін одан табыстырақ өтті, ал соңғы партияда итальяндықтар ширақтық танытып, қарсыластарының мысын басты.