Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, осы жөніндегі жарлыққа Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Құрманбек Бакиев қол қойды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 12-мамырда Бішкекте мемлекет басшысы лауазымынан басты үміткерлердің бірі Ф.Кулов пен Қ.Бакиев сайлау алдындағы одақ құру туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжатқа сәйкес, Ф.Кулов егер сайлауда Бакиев жеңген жағдайда үкіметті басқару туралы шартпен президент сайлауына қатысудан бас тартты.
Қырғызстан президентінің сайлауы 2005-жылдың 10-шілдесінде өтеді.