Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Құтқарушылар тұрғындар мен олардың үй жануарларын эвакуациялауға көмектесіп жатыр. Қазірге дейін Жылыой ауданында 28 501 тұрғын, оның ішінде 6 781 бала эвакуацияланды» — делінген хабарламада.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын тасқын судың қаупіне байланысты Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды.
Күндіз Құлсарыдан Доссорға дейінгі жолдың бір бөлігін су басты.
5 сәуір күні тасқын су Құлсары қаласына кіре бастағанын хабарлаған болатынбыз.
Бейнеу ауданына Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері медициниалық көмек көрсетуге арнайы барды.
Сондай-ақ Бейнеу ауданында Құлсарыдан келген 2,5 мың адам орналасып үлгерді. Ақтау қаласында да судан зардап шеккен Құлсары тұрғындары үшін эвакуациялық пункт ашылды.
Сонымен қатар Маңғыстауда азық-түлік қоры жеткілікті екенін ресми орындар мәлімдеді.
Су басу кезінде Құлсарыдағы ауруханадан 77 науқасты Маңғыстау облысына жеткізді.