Құлсарыдағы су айдау жұмыстары кезінде 23 жастағы өрт сөндіруші қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құлсарыдағы су айдау жұмыстары кезінде 23 жастағы өрт сөндіруші қайтыс болды

Құлсарыдағы су айдау жұмыстары кезінде 23 жастағы өрт сөндіруші қайтыс болды

ҚР ТЖМ 29 мамырда Атырау облысы Жылой ауданының Құлсары қаласында Атырау облысы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Бейбарыс Жалғасбайұлы Рақым қайтыс болғанын мәлімдеді.

  • 30 Мамыр
  • 3
Фото - Caravan.kz

Ведомствоның мәліметінше, азаматтық қорғау сержанты су айдау бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қаза тапқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

«Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде есімізде мәңгі қалады.ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді»,- делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.