Күміс той, алтын той. Мерейтойларға арналған құттықтау-тілектер - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күміс той, алтын той. Мерейтойларға арналған құттықтау-тілектер

Күміс той, алтын той. Мерейтойларға арналған құттықтау-тілектер

Қазақ халқы мерейлі мерекені атап өтуді жөн санаған халық. Үлкенге ізетпен қарайтын дана халық ізгі-тілегін өлең жырлармен, әдемі сөздермен жеткізе білген. Дүбірлі той жасап, қонағын сыйлаған. Сондай мерейлі мерекеге арналған құттықтау-тілектерімізді күміс той, алтын той иелеріне ұсынамыз. 

  • 26 Ақпан
  • 29528
Фото - Caravan.kz

40 жас

Ат жалын тартып қамал бұзатын 40 жасқа келген туған күніңіз құтты болсын!
Сіз талап пен жігер жетелеген өмір өрісінде өзгелерден озып дараландыңыз. Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектеспіз. Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, отбасыңыз берекелі, әр күніңіз мерекелі болсын!

                              

40 деген көнбейтін жас құрыққа,
40 деген ұнайтын жас бар жұртқа.
Қамал алған құтты болсын жасыңыз,
Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.

Қырық жасқа толғаның –
Қырдан асып қалғаның.
Арманыңды жалға мың,
Бақ сыйласын алды күн.

Өмір мәнін шын ұқ та,

                              

Қиялға өрле қырықта.
Өсиетін бабалар
Ешқашанда ұмытпа.

Қызығы көп қырықтың,
Өмір алға басты анық.
Гүлі жайнап үміттің,
Жүр әрдайым жас болып.

50 жас

                               

50 деген жарты ғасыр бұл өмірде,
50 деген алтын той некеліге.
Елу жылда – ел жаңа деген сөз бар
Сол елуге өзің де келдің міне.

Қыздарың қиясына қонып жатыр
Келін алып жылы суға қолың батыр
Дүниеге келе берсін Таңғалиевтар
Алданыш қып солармен таңыңды атыр.

Құтты болсын мерей той, 50 жасың
Әр уақытта домалап өрге тасың,
Қосағыңмен қоса ағарып, шөбере сүй,
Ешқашанда көңіліңді кір шалмасын.

Тілерім ашық аспан, жұлдызды түн,
Жылдан жылға жақсарып денсаулығың
Немерелеріңнің қызығын қызықтай бер,
Атанып куәгері алтын тойдың.

Қызмет етіп, жан аға, елге күнде,
Еңбегіңмен биікке өрледің бе.
Зор денсаулық, мол бақыт тілейміз біз
Ердің жасы – елуге келгеніңде.
Зымырандай зуылдап барады күн,
Көңіліңнің қалауын табады інің.
Елу жаста болыңыз ел ағасы,
Бойға жиған бабалар даналығын.

Елуге келіп елге білінгенің,
Ақсақалдық атқа осы ілінгенің.
Қалың елің қаумалап келіп отыр,
Тойларың тойға ұлассын, інім менің!…

Елу – деген жүздің нағыз жартысы,
Елу деген – даналық қой, ол анық!
Оған жетсе елжірейді әр кісі.
Құттықтайды бар ағайын қол алып.
Ұрпағыңыз жүрсін дейміз
аяқ жаққа оралып,
Қуаныштың қамқасына жүріңізші оранып!

Елу жас – ердің жасы
Артта қалды бес асу мен бес белең,
Өрге тартып барады өмір-көш деген.
Елу деген – ердің жасы қызулы,
Жастық шақтың соңғы оттары өшпеген.
Дуылдатып дулы ортаның дүрмегін,
Бір ғанибет жарқ-жұрқ етіп жүргенің.
Елу деген – ердің жасы ең кемел,
Арысым деп арқаланар нұрлы елің.

Жұлдыз жанып, пейіліңе таң күліп,
Күз де жетті сыбаға алып, сән құрып.
Қалпыңыздан айнымаңыз – шат көңіл,
Басыңыздан бақ кетпесін мәңгілік.

Елу деген – ердің жасы еңселі,
Елу деген – парасаттың өлшемі.
Жарқылдасаң самғап ұшқан сұңқардай,
Азамат деп мақтан тұтар ел сені.
Тірлік – теңіз, ес елудің ескегін,
Әнге толсын, күйге толсын кештерің,
Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,
Қол соғады барша әріптестерің.

Елу деген толы той мен думанға,
Тау секілді көрінеді тұлғаң да.
Құшақ-құшақ гүлін алып келіпті,
Ақ көңілмен бауыр, туыс-туған да.

Елу деген – ес тоқтату, есею,
Елу деген – елдің жүгін көтеру.
Туған күнмен құттықтаймыз өзіңді,
Қанжығаңа ілінсін деп қос елу.

Бір жақсы үлгі көріп әркім сізден,
Теңейді берері көп алтын күзге.
Елу жыл еңсеңізді биік ұстап,
Жүрдіңіз ел алдында жарқын жүзбен.
Елу жас – енді өмірдің басталғаны,
Жетіңіз талай шыңға, асқарға әлі!
Қос жанар – қос балаңыз аман болсын,
Сол емес пе ананың басты арманы!

Не жетсін бақ жұлдызы жағылғанға,
Бастауы берекенің табылғанға.
Биікте болсын әркез жұлдызың деп,
Тілейміз біздің бауыр ….. жанға!
Ауылға құт-береке орнағансын,
Ақтерек ардақтайды бел баласын.
Туыңды туған жерге тігіп едің,
Қыдыр-бақ қалай сені қолдамасын.

Қалдырып артта қалай қиындығың,
Ауылдың кәрі жасын сүйіндірдің.
Бірлікті, тірлікті де сақтаған ел
Шаттықтың шалқытады күйін бүгін.

Қоңыртөбе жағынан жел ескенде,
Есдәулет ақын рухы кеңескенде.
Елін жебеп жүргендей елестейді
Қараш батыр сонау бір белестерде.

Арналсын …жанға ақ-адал күн,
Ер жасы елуіңде бағаландың.
Көркейіп Ақтерегің күннен-күнге,
Рухы қолдай берсін бабалардың.

Тұрғанда тағдыр-талай қыл ұшында,
Ауылдың қалдың сақтап тынысын да.
Жұртыңды жұмылдырып бір тілекке,
Таптың сен жұмысын да, ырысын да.

…жан, сүйіндірді нар талабың,
Халқыңның ақ алғысын арқаладың.
Жаныңның жақсылығы шуақ шашып,
Бөленсін бақыт-нұрға шартарабың.

60 жас       

                              

Жан Әке, құтты болсын 60 жасың,
Біз үшін ардақты ғой алтын басың.
Немереден көріңіз шөберені,
Жыр алыбы Жамбылдың көріп жасын.

Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.

Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,
Бала — шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман — есен жүріңіз!

*************************************

Сізді 60 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы таңда адам өмір жолының асқар биігі – алпыстың шыңына шығып отырған сізді, көпшілік мемлекетіміздің қайраткері, ғұмырын Қазақстан болашағына арнаған зиялы азамат ретінде таниды.

Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде Қазақ халқының игілігіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып отырған абырой — беделіңізді атап өтпей кетуге болмас.

Бұл жылдар сіздің қоғамдық және жемісті еңбегіңіздің нағыз кемеліне келген кезең болды. Туған елге деген сүйіспеншілік арқылы парасатты да рухы биік ізбасарларыңызды тәрбиелеу жолында дарынды ұйымдастырушы қырынан көрініп келесіз.

Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектеріңіздің еліміздің нығаюына өзіндік үлесі бар. Осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр — қайратыңыз қашанда арта бергей!

Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілеймін! Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болғай.

Адам баласының ұзақ өміріндегі бел — белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сөйтсе — дағы кемел жасы 60 — тың орны мүлдем ерекше екені баршаға мәлім. Ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық мерейлі кезеңге көтерілер бұл шақтың тал түс аталуы бекер емес — ау.

Міне, сен де ізімізден қуып, аман — есен алтыншы асқардың шыңына қол созып отырсың. Шүкір, біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, өткен өмір бедерлері көңіл орнықтырып, көз тойдырады.

Қуаныштысы, мерейтойыңды отбасыңның алтын қазығы болған жан — жарыңмен бірге бала — шағаңның шаттыққа толы ортасында қарсы алып отырсың. Өсіп — өнген, ұрпақ тәрбиелеген, құда — құдағиларың мен дос — жарандарыңның ыстық ықыласына бөленген өзіңе тек жақсылықтар, қуаныштар мен бақытты ғұмыр тілейміз.

70 жас


Құтты болсың 70 жасыңыз,

Сексеннің де сенгірігінен асыңыз.

Қуат алып, денсаулықтың нәрінен,

Жүзіп өтіп жүзге аяқ басыңыз!

 

Балалардың арасында жүріңіз,

Шаттық нардаң айық басын жүзіңіз!

Тілек еттік шың жүректен бәріміз

Мықты болып ұзақ өмір сүріңіз!

                                 

Бір Жаратқан жар болып, қорғай жүрсің,

Ата-баба аруағы қолдай жүрсің.

Құдағи мен құдағи тату болып,

Бір біріне сәлемін жолдай берсің!

*****************************

Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 70 жасқа алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. 

*****************************

“Қарттары бар ел – қазынасы бар ел” – деген сөз бар халқымызда. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері болып отырсыз. 

********************************

Өткен күннің артта қалып елесі,

Тіршіліктің жылжи берер кемесі.

Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,

Жетпіс жастың құтты болсын белесі.

 

Бұл 70 жас – қарттық жас емес, қазына жас,

Бала мен немеренің назына мас.

Біз сізге бақ тілейміз ортаймайтын,

Басыңыздан ешқашан ажырамас.

 

Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,

Тілейміз қуанышқа бөленгенін.

Жүзге келіп, марқайып отырыңыз,

Қылығына қуанып шөберенің.
 

80 жас

 Ақ айдынға салып бақыт кемесін,

Жарқын жүзбен қуанышпен келесің,

Құтты болсын сексен жасың, әкетай,

Өзіңізді бір құдайым демесін.

 

Бәйтерексіз жапырағы жайқалған,

Барша жұртқа жақсылығы байқалған.

Есен болсын ұрпағыңыз көрінген.

Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен.

 

Бақ орнасын әрдайым басыңызға.

Жас қосылсын, әкетай, жасыңызға,

Немерелер қуаныш сыйлап талай

Амандықпен жетіңіз жүзге қарай!

 

80 жас туған күнің құтты болсын,

Өміріңіз шаттық пен нұрға толсың.

Қызықты күндеріңіз арайланып,

Көкірегіңіз күмбірлеген күйге толсын

                               

Әкетай, нұрға толсын жүзіңіз,

Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.

Тіршіліктің қызығына бөленіп,

Аман-есен ортамызда жүріңіз!

 

Мерекеңіз ұзағынан бола берсің,

Үй-іші немере мен шөбереге тола берсін!

Әкетай, мейірің көп таңдандырған,

Біз үшін қиындықтан шаршамаған.

 

Жылуын жүрегіңнің аямадың,

Өзіңе борышы көп балалардың.

Тастаңыз қиындықтың сызып бәрін,

Ер жеттік біз кешегі бұзықтарың.

Аталап жан-жағыңда жүре берсін,

Бал тәтті немерелер қызықтарың.

 

… өңірінің қадірлі ақсақалы, еңбек ардагері, аяулы әкеміз …. 80 жасқа толуымен құттықтаймыз!

Асу-асу бел десем, айтқан сөзім жетер ме?!

Айдын-шалқар көл десем, айтқан сөзім жетер ме?!

Аспанды алты айналсам, Жерді жеті айналсам,

Теңеу таба алам ба, теңдесі жоқ әкеме!

Жалғыз едің, ұрпағың орман болды, жан әке!

Бақ ұялап іргеңе, арман қонды, жан әке!

Еркелеттің, тербеттің, қиындықсыз ер жеттік,

Өнеге ғып бір өзің салған жолды, жан әке!

Ұшырғанда демеген асқар тауым, жан әке!

Қысылғанда жебеген басты арқауым, жан әке!

Кемелдік пен тереңдік, даналықтың мезгілі –

Сексен атты сеңгірден асқан шағың, жан әке!

Жоқтатпадың ешқашан анамызды, жан әке!

Сендей әке жалғанда табамыз ба, жан әке!

Баршамызға ақылшы, Әке, Ата боп әрдайым

Аман-есен жүре бер арамызда, жан әке!