биылғы Күн жүйесінің белсенділік циклі «Дальтонның минимумына» жақындады.
«Күннің белсенділігі дәстүрлі түрде Күн дискісіндегі дақтардың санына және олардың тобының көлеміне байланысты болатын Вольфтың саны бойынша өлшенеді. Бұл параметр 1750 жылдан бастап өлшеніп келеді», — деп келтірді Ресей жаңалықтар агенттігі Богачевтің сөздерін.
«Егер биылғы 24-інші күн циклінде дақтардың саны қажетті сипаттамалардан аспаса, бұл Дальтон минимумы кезеңіндегі ең «тыныш» Күн болады деген сөз», — деп қосты ғалым.
«Ғылым үшін Күннің мұндай жағдайы асқан қызығушылық тудырып отыр деуге болады, себебі, белсенді Күн жіті зерттелген, ал оның керісінше қалпын ешкім әлі көрмеген», — деп түйді ол.
Ғалым Күннің төмен белсенділігі кейбіреулердің пайымындай мұз дәуірінің орнауына алып келмейтіндігін қадап айтуда. Оның сөзіне қарағанда, Күннің белсенділігі мен жер климатының өзгеруі арасындағы байланыс мұндай тұжырымдар жасайтындай әлі толық зерттелмеген.