Күн райын бақылаушылар Алматыда маусым айы жаңбырлы болады деп болжайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күн райын бақылаушылар Алматыда маусым айы жаңбырлы болады деп болжайды

Күн райын бақылаушылар Алматыда маусым айы жаңбырлы болады деп болжайды

АЛМАТЫ. 24-мамыр. Kazakhstan Today. "Қазгидромет" РМК мамандары Алматыда маусым айы жаңбырлы болады деп болжайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 24 Мамыр 2007
  • 1336
Фото - Caravan.kz

«Бұл айда түсетін ылғал мөлшері нормадан жоғары болады деп күтілуде»,- деді күн райын бақылау орталығының директоры Светлана Аманқұлова. «Айдың алғашқы жартысында, ортасы мен аяғында найзағай және қысқа мерзімді нөсерлер жиі жауады»,- деді ол. Сонымен бірге, күн райын бақылаушылардың болжамына сәйкес, маусымның ортасы мен аяғында бұршақ жаууы ықтимал.

Маусым айында ауаның температурасы норма аясында болса, айлық орташа температура 21 градус жылы болмақ. «Бірінші онкүндікте сынап бағанасы түнде 15-20, күндіз — 25-30 градус жылылықты көрсетеді. Онкүндіктің аяғында ауаның температурасы шамалы төмендейді»,- деді С.Аманқұлова.

«Екінші онкүндікте температура түнде 14-19-дан 9-14 градус, күндіз- 24-29 -ден 20-25 градус жылылықты көрсетеді»,- деді синоптик. Қазгидромет мәліметтерінше, үшінші онкүндікте сынап бағанасы түнде 15-20-дан 20-25, күндіз 25-30-дан 32-37 градусты көрсетеді.

Айдың басында ауа райын бақылаушылар оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр, айдың аяғында жел бағытын өзгертіп, оңтүстіктен соқса, үшінші онкүндіктің бірінші және екінші жартысында батыстан секундына 7-12 метрге жететін жел соғады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті