Мәселен, 26-сәуір күні түнде Батыс Қазақстан облысында, 27-сәуірде Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында сынап бағанасы 0-2 градус суықтықты көрсетеді деп күтілуде.
Осыған байланысты аталмыш облыстардың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің басшыларына халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды.
Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, тіршілік қамтамасыздығы нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берілді.