Күн райын болжаушылар 6-7 тамызда Таразда жылдамдығы секундына 30 метрге жететін дауыл соғады деп хабарлайды - kaz.caravan.kz
  • $ 481.54
  • 553.24
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күн райын болжаушылар 6-7 тамызда Таразда жылдамдығы секундына 30 метрге жететін дауыл соғады деп хабарлайды

Күн райын болжаушылар 6-7 тамызда Таразда жылдамдығы секундына 30 метрге жететін дауыл соғады деп хабарлайды

"Қазгидромет" РМК Тараз қаласы маңында жел күшейеді деген ескерту жариялады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің дағдарыс орталығынан хабарлады.

  • 6 Тамыз 2004
  • 463
Фото - Caravan.kz

Күн райын болжаушылардың мәліметі бойынша, бүгін, 6-тамыз күні алдағы 3-6 сағат ішінде және 7-тамыз күні түнде солтүстік-батыс бағыттан соғатын желдің жылдамдығы секундына 25-30 метрге жетеді.

Осыған байланысты Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалары басшыларына адам өліміне жол бермеуге кешенді шаралар қолдану туралы тапсырма берілді.