Шахизада өзін аса сабырлы әншілердің қатарына жатқызады. Бірақ, ашулансам адам танымай кететін де мінезім бар дейді, деп хабарлады 31 арна.
“Көтеріліп кететін кез болады. Ол кезде мен өз-өзімді танымай қаламын. Менің көтерілген кезімді көрмей-ақ қойған дұрыс”, – дейді ол.
Дегенмен, әнші өнердегі әріптестерімен бірде-бір рет беттен алып ұрсысып көрмепті. Артық мінезім тек туыстарым мен бала-шағама ғана мәлім дейді.
“Сүйектен өтетін сөз, ары жағынан жететін сөз айтады екенмін де сонымен тоқтайды екенмін”, – дейді Шахизада.
Бірнеше жыл қатарынан ораза тұтатын Шахизада Рамазан айы болсын, болмасын жатар алдында жасаған күнәлары үшін Алладан кешірім сұрауды әдетке айналдырыпты.
“Жан-жақтың бәрі бір сондай табиғат та саған бір күлімдеп қарап тұрған сияқты. Адамдар да мейірімді”, – дейді Шахизада.
Ал Ерлан Орынбасаров кішкентайынан медреседе білім алғанын біреу білсе, біреу білмейді.
“Әкем кішкентай күннен медресеге апарып ислам дінінен, араб тілінен сауатымды ашқан”, – дейді Ерлан Орынбасаров.
Ерлан ораза тұтуға, дінге бет бұруға ешкімді міндеттемеу керек деген пікірде. Себебі, адамның өзінің ішкі иманы оянуы қажет екен.
“Адамның жүрегінде бір иманы оянып, белгілі бір уақыты келеді. Сол кезде әрбір адам тек қана ораза ұстамайды, намазын да оқиды, өзінің құлшылығын да жасайды”, – дейді Ерлан Орынбасаров.
«Жігіттер»тобының әншісі Ердос Қанаевтың да бес уақыт намаз оқып дінге бет бұрғанына биыл он жылдың көлемі болыпты. Қасиетті Рамазан айын ерекше ықыласпен күтеді екен.
“Кемшіліксіз емеспіз. Күнәміз көп болғандықтан Раббымыздан кешірім сұрауымыз керек”, – дейді Ердос Қанаев.
Әнші бұл айда аса мейірімді, қайырымды болуға шақырады.
Оқи отырыңыз:
Астанада қайырымдылық марафонына жеті мыңнан астам адам қатысты